Елордада полицейлер тұрғыннан есірткі тапты

15:27, 19 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

Елордада "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.

Қаладағы аудандардың бірінде патрульдеу барысында полиция қызметкерлері өздерін көрген сәтте күмәнді әрекет танытқан жас жігітке назар аударды.

Тексеру және жеке тінту кезінде оның жанынан қызыл изолентамен оралған түйіншек табылды. Түйіншектің ішінде өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған 30 орам болған.

Табылған заттар тәркіленіп, оның альфа-PVP екені анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тұрғындарға есірткіні сақтау, пайдалану және тарату заңмен қатаң тыйым салынатынын ескертеді.

Мұндай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!