Елордада күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды

14:55, 11 қараша 2019

Нұр-Сұлтанда отбасылық жанжал кезінде күйеуі кең далаға алып шығып, өртеп жіберген әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Денесін 75 пайызын күйік шалған науқас 2019 жылы 10 қарашада түнгі сағат 1:35-те қайтыс болды", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы травматология және ортопедиялық ҒЗИ баспасөз қызметіндегілер.

Оқыс оқиға 2019 жылдың қазан айының басында орын алған. Күйеуі әйелін қаланың шетінде кең далаға алып шығып, үстіне бензин құйып өртеген. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, "Адам өлтіру" бойынша іс қозғалған. Күдікті ретінде әйелдің 43 жастағы күйеуі тергеу изоляторына қамалды. Ер адам өз айыбын мойындап,Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша ұстау изольяторына қамалған.

2019 жылдың 29 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы травматология және ортопедиялық ҒЗИ күйеуі тірідей өртеп, өлтірмек болған әйелдің комадан шыққанын хабарлады. Алайда әйелдің жағдайы өте ауыр болатын. Оны жасанды жолмен дем алатын аппаратқа қосқан болатын. Себебі оны тыныс жолдарына дейін күйік шалған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!