Елорда көшелеріне кибералаяқтар туралы ескерту жасау үшін бір мезетте 100-ден астам автопатруль шықты
© Фото: Zakon.kz
Астанада кибералаяқтықтың алдын алуға бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Кезекті акция аясында елорданың барлық ауданында бір мезетте 100-ден астам полиция автопатрулі қызметтік бағыттарға шығып, тұрғындарды дыбыстық хабарландыру арқылы ақпараттандырды.
Полицейлер дауыс зорайтқыш құрылғылар арқылы азаматтарға алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдері туралы ескертіп, банк карталарының деректерін, SMS-хабарламалардағы растау кодтарын және өзге де құпия ақпаратты бөгде адамдарға бермеуге шақырды.
Жаппай дыбыстық хабарландыру елордалық полиция жүзеге асырып жатқан кешенді профилактикалық науқанның бір бөлігіне айналды. Қазіргі таңда алаяқтықтан қорғану жолдары туралы ақпараттық бейнероликтер қаладағы LED-экрандар мен билбордтарда, кинотеатрларда сеанс алдында, сауда-ойын-сауық орталықтарының экрандарында және адам көп шоғырланатын өзге де орындарда көрсетілуде.
Профилактикалық жұмыстарға заманауи технологиялар да кеңінен тартылған. LRT нысандарында полицияның робот-иті тұрғындарға цифрлық қауіпсіздік ережелері туралы тұрақты түрде ақпарат беріп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізілетін түсіндіру жұмыстарына да ерекше назар аударылуда.
Нақты оқиғалар негізінде азаматтарға алаяқтардың кең таралған схемалары, қылмыскерлердің қолданатын айла-тәсілдері және олардан сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілуде. Сонымен қатар профилактикалық материалдар әлеуметтік желілерде жүйелі түрде жарияланып, тұрғын үйлердің ортақ чаттары мен мессенджерлер арқылы таратылуда.
Сондай-ақ жадынамалар мен ақпараттық парақшалар халық арасында кеңінен үлестірілуде. Полиция қызметкерлері мемлекеттік мекемелерде, жекеменшік ұйымдарда, білім беру ұйымдарында және жастар арасында тұрақты түрде дәрістер мен кездесулер өткізуде.
Футбол және хоккей матчтары, концерттер, фестивальдер мен басқа да бұқаралық іс-шаралар барысында азаматтарға интернет-алаяқтардан қорғану шаралары түсіндіріліп, арнайы ақпараттық материалдар таратылады.
Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарды қырағылық танытуға, кез келген ақпаратты мұқият тексеруге және ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға жеке деректерін, банк шоттарының реквизиттерін немесе құпия кодтарын бермеуге шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 22 маусым 2026
Қазақстан футбол құрамасында күтпеген өзгеріс: бас бапкер отставкаға кетті
-
16:40, 22 маусым 2026
Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты бірде-бір қылмыс тіркелмеген аудан бар
-
16:24, 22 маусым 2026
Алматыда №131 маршрут автобусының жүргізушісі рейс кезінде көз жұмды
-
16:07, 22 маусым 2026
Таңбалаусыз әкелуге тыйым салынды: Алматыдағы МКД импорттаушыларға шұғыл үндеу жасады
-
15:58, 22 маусым 2026
ҰБТ-ның аралық қорытындысы жарияланды: бір талапкердің нәтижесі жойылды





