Әлия Есмұқанова Bank RBK төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

19:11, 18 сәуір 2018

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Bank RBK директорлар кеңесінің 2018 жылдың 16 сәуіріндегі шешімімен банк басқармасының төрағасының орынбасары қызметіне Әлия Есмұқанова сайланды деп хабарлайды банк баспасөз қызметі. 

Бұл лауазымда Есмұқанова қаржылық блоктың және қазынашылық жұмысын жетілдіреді, операциялық бизнес тиімділігін жоғарылатады және сауда арналарын ұлғайтатын болады делінген баспасөз хабарламасында. Одан бөлек, ол аталған салада келешегі зор шешімдерді енгізу және іздеу процестерін басқара отырып, заманауи қаржылық институттар үшін ақпараттық технологиялар секілді өзекті бағытқа жетекшілік ететін болады. Банктің топ-менеджментінің құрамын күшейту, барлық клиент санатының талабына жауап беретін, жоғары тиімді қаржылық институт құруға бағытталған стратегияның бөлігі болып есептелінеді.

Әлия Есмұқанов 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын “Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар” мамандығын бітірген. Банк саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!