Еліміздің тұрғындары жаңа-жыл мерекесіне қарсы 195 млрд теңгеге сауда жасаған

09:51, 17 қаңтар 2018

Еліміздің тұрғындары жаңа-жыл мерекесіне қарсы 195 миллиард теңгеге сауда жасаған. Бұл әлеуметтік сала, аймақ қауіпсіздігі мен көлік инфрақұрылымын қоса алғанда білдей бір Қарағанды облысының бір жылдық бюджеті, деп хабарлайды 31 арна.

Әсіресе шоппинг жасауда алматылықтар аса белсенді болған.

Қала тұрғындары 80 миллиард теңгеден астам сомаға техника, киім-кешек, косметика мен ойыншықтар алған. Бөлшек саудада Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы мен Астананың да үлесі басым. Олар 19 және 16 миллиард теңгеге сауда-саттық жасапты. Өткен жылдың 3 тоқсаны бойынша сауда орындары елдің ішкі жалпы өнімінің 15,5 пайызын қамтамасыз етті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!