Еліміздің басым бөлігінде күн салқындайды

11:37, 7 тамыз 2020

Алдағы үш күнде оңтүстіктен ойысқан циклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді, соған байланысты республикамыздың басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Кей жерлерде бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тек еліміздің шығысында ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың кей өңірінде қатты жел тұрады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!