Елімізде коронавирустан 1 058 адам қайтыс болған

11:57, 3 тамыз 2020

ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде өткен тәуліктегі коронавирус пен пневмония бойынша тіркелген статистикалық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

2 тамызда бір тәулік ішінде республикамызда 1 069 расталған коронавирус инфекциясын жұқтырған және 798 ПТР бойынша расталмаған пневмония жағдайлары анықталды.

Бір күнде 34 адам коронавирустан, 21 адам пневмониядан қайтыс болды.

Жалпы, Қазақстанда пандемия кезінде КВИ-ден 1 058 кісі өлімі тіркелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!