Елімізде енді аурухана парақтары тек электронды түрде беріле бастайды

© Фото: primeminister.kz
2025 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстандық медициналық мекемелер электрондық аурухана парақтарына көшті. Қазір қағаз және электронды бюллетеньдер бірге берілуде. Жұмыс беруші қай кезеңнен бастап тек электронды аурухана парақтарын қабылдауға міндетті? Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта "еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызметі электрондық және қағаз түрінде көрсетілетінін түсіндірді.
"Аурухана парақтарын ашу туралы фактілер азаматтың келісімімен жұмыс берушіге беріледі. Егер бұрын жұмыс беруші қызметкердің ауырып қалғанын тек аурухана парағының өзі әкелінген кезде білсе, қазір аурухана парағының қашан ашылатыны немесе ұзартылатыны туралы ескерту болады", – деп атап өтті министрлік.
Сондай-ақ, қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы барлық парақтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ақпараттық жүйесіне өзектендіру режимінде беріліп, hr.enbek.kz порталындағы қызметкердің жеке кабинетінде және Enbek HR мобильді қосымшасында көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда қызметкер өзінің еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы хабарлау үшін жұмыс берушіге мәліметтер жіберуге мүмкіндігі бар.
Қағаз анықтамаларды алып тастауды іске асырудың алдын ала мерзімі – 2025 жылғы 1 сәуір.
Бұған дейін Қостанай облысында жолаушылар қауіпсіздігін елемеген автобус жүргізушісі жауапқа тартылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:48, 24 наурыз 2025
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды
-
17:37, 24 наурыз 2025
Түркиядағы халық толқуы: Ыстамбұлға кіріп-шығуға тыйым салынды
-
17:19, 24 наурыз 2025
«Қар бұрқасындатады». Сейсенбіде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:47, 24 наурыз 2025
Көкшетауда полицейлер өртенген пәтерде ес-түссіз жатқан ер адам мен жас баланы құтқарды
-
16:47, 24 наурыз 2025
Көкшетауда полицейлер өртенген пәтерде ес-түссіз жатқа ер адам мен жас баланы құтқарды