Елімізде COVID-19 бен пневмония бойынша өлім-жітім саны күрт төмендеді

09:48, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: zakon.kz

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

20 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 70 290 адам коронавирус инфекциясынан (61 705 КВИ+ және 8 585 КВИ-) ем-дом алып жатыр, олардың ішінде 13 333-і стационарда, 56 957 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 1 051 адамның жағдайы ауыр,

- 278 науқастың жағдайы өте ауыр,

- 143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 20 қыркүйектегі мәлімет бойынша, вакцинаның I-компонентін 7 300 062 адам, II компонентін 6 161 154 адам алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!