Әлихан Смайылов өңірлердегі әкімдердің жұмысын сынға алды

© Сурет: Қазақстан үкіметі
28 қаңтарда премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізіп, онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өткен жылғы жұмыс қорытындысы, алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15,1 трлн теңге (жылдық жоспардың 94,2%-ы) болды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,9% артық. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау сияқты салаларда өсім тіркелді. Орталық мемлекеттік органдар арасында жыл жоспарын Ғылым және жоғары білім (121,8%), Денсаулық сақтау (103,5%), Оқу-ағарту (102,3%) министрліктері орындады.
Ең төмен көрсеткіштер Экология және табиғи ресурстар (79,4%), Мәдениет және спорт (72,5%) министрліктеріне тиесілі. Өңірлер арасында Ұлытау (75,6%), Атырау (84,2%) және Жамбыл (86,5%) облыстары аутсайдер болып отыр. Премьер-Министр Ұлытау облысында құны 27,1 млрд теңге болатын бес ірі жоба іске аспай қалғанын айтты.
"Өңірдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша жетпей қалған сома 50 млрд теңгеден асады. Әкімдік бұл олқылықты жаңа жобалар есебінен толтыруға тиіс еді. Облыстың әлеуетін пайдалана отырып, қосымша инвестициялар тартуды және проблемаларды уақытылы шешуді қаматамыз етуі қажет еді", — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы Атырау облысында да өңірдің зор әлеуеті мен қорлары толық іске қосылмағанын атады.
"Инвестициялардың 60%-дан астамы Теңізшевройл және KPI ірі жобаларына тиесілі. Өңір басшылығы индикатордың орындалмауын жоғарыда аталған жобалар бойынша инвестициялар көлемінің төмендеуімен байланыстырып отыр. Әкімдік осы жобалардың аяқталу мерзімін болжап, өсімнің қосымша көздерін алдын ала іздестіруі керек еді", — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар премьер-министр Жамбыл облысында салынған инвестициялардың үштен бірі бюджет қаражаты есебінен болғанын айтты. Жалпы Әлихан Смайылов инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдіктерінің жұмысын сынға алды.
"Кей өңірлерде инвестиция 1-2% ғана өскен, әкімдіктер оны жетістік деп түсіндіруге тырысты. Бірақ бұл – жақсы көрсеткіш емес, жүйелі жұмыстың жоқтығының белгісі. Былтырдың қорытындысына сәйкес республика бойынша өсім 8% болды. Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге 25%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Бұл жыл сайын өсім 10%-дан жоғары болуы керек дегенді білдіреді", — деді үкімет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:26, 1 сәуір 2023
Түркістан облысында базардан діни кітаптар тәркіленіп, тексеруге жолданды
-
15:57, 1 сәуір 2023
Павлодарда жол апатынан бір адам көз жұмды
-
15:39, 1 сәуір 2023
"Сау-тамтығы жоқ". Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды
-
15:39, 1 сәуір 2023
Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында ауыр жол апаты орын алып, бес адам қаза тапты
-
14:51, 1 сәуір 2023
Еуро-2024 іріктеу турнирі: Асхат Тағыбергеннің соққан голы үздік деп танылды