Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің құзыретіне берілді

12:12, 28 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 19 қаңтардағы үкімет қаулысымен 1999 жылғы 27 мамырдағы "Республикалық меншіктегі ұйымдардағы мемлекеттік акциялар мен үлестерді иелену және пайдалану құқықтарын беру туралы" қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы өзгерістерге сәйкес, республикалық меншіктегі ұйымдардағы мемлекеттік акциялар мен үлестерді иелену және пайдалану құқығы салалық министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдарға берілетін тізімде:

"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" бөліміне келесі жол қосылды:

  • "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ

Сонымен қатар, қор Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің бөлімінен шығарылды.

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!