Елена Рыбакина WTA рейтингінде көш бастады

14:24, 31 тамыз 2026
MKZ: 1564383

© Сурет: instagram/lenarybakina

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирі басталар алдында WTA-ның live-рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Спортшының еншісінде 7 911 ұпай бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 30 тамызда Sports.kz жазғандай, US Open-2026 турнирінде Рыбакина небәрі 230 ұпайын қорғауы керек. Сондықтан қазіргі уақытта Елена 7 911 ұпаймен рейтингтің бірінші сатысында тұр.

Турнирдің қазіргі көшбасшысы, беларустық Арина Соболенконың еншісінде 6 585 ұпай қалды. Ол өткен жылғы чемпион болғандықтан, биыл 1 990 ұпайын қорғауы тиіс.

WTA-ның live-рейтингінде үшінші орында америкалық теннисші Джессика Пегула тұр. Оның қоржынында 6 495 ұпай бар, ал қорғауы тиіс ұпай саны – 770.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның жарақатына қатысты әңгімелер аясында Нью-Йоркке келгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!