Елена Рыбакина US Open-да 17 жастағы америкалықты ойсырата жеңді
© Сурет: Instagram/lenarybakina
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы (US Open-2026) алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Ол 17 жастағы америкалық Ти Фродинді жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы 1 қыркүйекте АҚШ ашық чемпионатындағы жарысын бастады. Бұл туралы Sportarena.kz басылымында жарияланды. Бірінші айналымда ол 17 жастағы америкалық Ти Фродиннен 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.
US Open-2026 турнирі Нью-Йоркте 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры шамамен 49 миллион долларды құрайды.
Матчтан кейін Елена Рыбакина қарсыласы туралы пікір білдірді:
"Бүгін ол өте жақсы ойын көрсетті. Оның соққылары керемет әрі добы өте жылдам ұшады. Ойын оңай болған жоқ. Осында жүргеніме өте қуаныштымын. Бізді қолдауға келген барша жанкүйерге үлкен рақмет. Мұнда әрдайым ерекше атмосфера болады, маған өте ұнады. Келесі матчты асыға күтемін", – деді Елена Рыбакина.
Ал Елена Рыбакинаның US Open-2026 турнирінің екінші айналымындағы қарсыласы чехиялық Дарья Видманова мен испаниялық Джессика Бузас Манейро арасындағы кездесуден кейін анықталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:59, 2 қыркүйек 2026
Алматыда полицейлер түнгі клубтар мен барларды аралайды
-
11:51, 2 қыркүйек 2026
Мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер цифрлық форматқа көшіріледі
-
11:47, 2 қыркүйек 2026
2 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкентте валюта бағамы қандай
-
11:34, 2 қыркүйек 2026
Ақтөбеде әпкелі-інілі азаматтар жоқ пәтерді жалға беріп, тұрғындарды алдаған
-
11:26, 2 қыркүйек 2026
Камераны бұрып жіберіп, кетіп қалған: фототұзақ қар барыстарының сирек кадрларын түсіріп алды





