Елена Рыбакина Штутгартта өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

17:41, 21 сәуір 2024

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500-Porsche Tennis Grand Prix турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда қазақстандық спортшы украиналық Марта Костюкпен кездесті, делінген Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.

Рыбакина екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Айта кетелік, жартылай финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті ұтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!