Тоқаев Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

09:08, 13 қыркүйек 2026
MKZ: 1566547

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 13 қыркүйекте Ақорданың аспасөз қызметі хабарлады:

"Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге", делінген құттықтауда.

Бұған дейін Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанғаны хабарланған.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!