Ел азаматтарына 193 мың көлемінде төлем төленетіндігі туралы ақпарат – фейк

© Сурет: Zakon.kz
WhatsApp-та еліміздің әрбір азаматына "193 817 лв" мөлшерінде төлем жасалатыны туралы хабарлама тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Stopfake.kz жарияланымында бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлаудан кейін мәлімдеген-мыс деп көрсетілген.

Сурет: Stopfake.kz
Хабарламаны оқығанда көзге түсетін бірінші нәрсе – адамдарға қаражат төленетін валютаның лв деп көрсетілуі. Бұл болгар ұлттық валютасының белгісі: лев. Қазақстанда бұл валюта пайдаланылмайды және ешқандай мемлекеттік төлемдер жүргізілмейді.
Сонымен қатар төлемді алу үшін қандай да бір ресми ресурсқа емес, Fi-fa Qatar мекен жайы бойынша сайтқа өту ұсынылатынына назар аударған жөн.
Іс жүзінде ҚР азаматтары атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдерді тек eGov.kz порталында ғана бере алады, делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке қайта сайланған жағдайда, жаппай ақшалай төлемдер жасалатыны туралы сөзі де шындыққа жанаспайды. Оның сайлауалды науқанында бұл туралы ештеңе айтылған жоқ.
Демек, таралған хабарлама өтірік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 29 қаңтар 2023
Новак Джокович AusOpen-2023 чемпионы және әлемнің бірінші ракеткасы болды
-
16:45, 29 қаңтар 2023
Ақтөбедегі демалыс орнында зардап шеккендердің жағдайы қалай
-
16:45, 29 қаңтар 2023
Ақтқөбедегі демалыс базасында зардап шеккендердің жағдайы қалай
-
16:03, 29 қаңтар 2023
Астанада 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
-
15:24, 29 қаңтар 2023
Қырғызстан билігі премьер-министрдің жеке басына тиіспеуді ескертті