Қазақстандық спортшы Азия ойындарында спорттық жүрістен күміс медаль жеңіп алды

11:50, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568369

© Сурет: Instagram/morozova.497

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Морозова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында спорттық жүрістен жартылай марафон қашықтығында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, екінші орын үшін тартыс қашықтықтың соңғы метрлерінде Қытайдан келген спортшымен болған.

Кристина Морозова 21,1 шақырымды 1 сағат 35 минут 25 секундта жүріп өтіп, үшінші болып келген қытайлық Цзян Юньяньнан (1:35:26) бір секундқа озып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaq Athletics

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!