Екібастұзда ТЖ салдарын жою жұмыстарына 7 кәсіпорын жұмылдырылған

09:01, 4 желтоқсан 2022

© Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста жылуды қалпына келтіру жұмыстарына 7 ірі кәсіпорын жұмылдырылғаны атап өтілді. Олардың әрқайсысына көппәтерлі тұрғын үйлер бекітілген.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 484 адам жұмылдырылды.

Бұған дейін Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук Екібастұзда 4 желтоқсанда төтенше жағдай басталғаннан бері әлі жылусыз отырған үйлердің көпшілігіне жылу берілетінін, осы бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.

27 қарашаға қараған түні Екібастұз апатқа байланысты жылусыз әрі ыстық сусыз қалды.

Энергетика министрлігі жылу құбырларының әбен ескіргенін, тозу деңгейі 70%-дан асатынын хабарлады. Жылу желілеріндегі апатты жоюға жедел бригадалар жұмылдырылды.

28 қарашада Екібастұзда төтенше режимі жарияланды.

3 желтоқсанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда қала беретіні белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!