Екібастұзда полицейлер өз өміріне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды

10:16, 1 сәуір 2026

© Фото: pexels

30 наурызда қала полициясына әйел хабарласып, ұлын іздеуге көмек сұраған. Оның айтуынша, екі күн бұрын ұлы автокөлігімен белгісіз бағытқа кеткен және содан бері байланысқа шықпаған.

Осы дерек бойынша бірден іздестіру шаралары ұйымдастырылып, барлық полиция гарнизоны жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру жұмыстарына еріктілер, туыстары және қала тұрғындары да белсенді түрде қатысты.

Іздестіру барысында тәртіп сақшылары қаланы толық тексеріп, ер адамның автокөлігін қала аулаларының бірінен анықтады. Кейін жалға алынған пәтерден өзі де табылды.

Тексеру нәтижесінде ер адамның көп мөлшерде дәрі-дәрмек қабылдап, өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды. Полицейлер дереу жедел жәрдем шақырып, оны дәрігерлердің қарауына тапсырды.

Павлодар облысы полиция департаменті мұндай жағдайларда жедел әрекет ету мен уақтылы хабарлаудың маңыздылығын атап өтті.

Адам жоғалған кезде іздеуге барынша күш жұмылдырылып, әрбір ақпарат мұқият тексеріледі. Полиция азаматтарды жақындарының жағдайына бейжай қарамауға, өз қозғалыстары туралы хабарлап, үнемі байланыста болуға шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!