Қазақстандық жасөспірім донор болып, анасын құтқарды

11:17, 1 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Қазақстанда қан тобы үйлеспейтін жағдайда бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды. Бұл туралы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

46 жастағы қазақстандық әйел бірнеше жыл бойы емделгенімен, еш нәтиже болмаған. Сол кезде дәрігерлер "не трансплантация жасаймыз, болмаса диализ" деп бір-ақ сөз айтқан. Осыдан кейін отбасы шешім қабылдап, донор іздеуді бастайды.

Қажетті үйлесімділікке сай жалғыз адам – ең кішкентай ұлы болған, алайда үйлесімділік коэффициенті төмен болған. Дегенмен, жасөспірім бірден: "Мен анама донор боламын" деп жауап берген.

"Қан тобы үйлеспейтін трансплантация әрдайым ұзақ және күрделі дайындықты қажет етеді. Бақытымызға орай, операция сәтті өтті. Ұлы 5-ші күні, анасы 10-шы күні үйге шықты. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы, қалыпты өмір сүріп жатыр", – делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін 15 жасар балаға Қазақстанда алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалғаны белгілі болған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!