Екібастұзда екі оқушы бесінші қабаттан құлап кетті

10:30, 13 қыркүйек 2018

Бүгін түнде екі оқушы бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі аталмыш фактінің орын алғанын растап отыр.

- Олар бұл жағдай орын алған кезде үйлерінде болмаған. Бұл сабақтан тыс кезде болған. Мектеп үнемі балаларды бақылауда ұстай алмайды. Бірінші кезекте олар үшін ең жақын адамдары, яғни ата-аналары жауап береді. Алдағы уақытта балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігі бойынша жиналыс өткізіледі. Сонымен қатар, жергілікті мектептердің жоғары сынып оқушыларымен психологтар жұмыс істейді. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсеткен жедел жәрдем қыздарды қалалық аурухананың жансақтау бөліміне орналастырған.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдай Бауыржан Момышұлы көшесі, 113 мекенжайы бойынша тіркелген.

2003 жылы туған қыз балалар бес қабатты үйдің подъездінің терезесінен құлаған. Олардың бірі № 23, екіншісі № 2 мектептің 9 сынып оқушылары. Жасөспірімдер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!