Екі қазақстандық Чайковский атындағы Халықаралық байқаудың жүлдегері атанды

23:40, 25 маусым 2017

Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында П.И.Чайковский атындағы Х Халықаралық жасөспірімдер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Бұл туралы Expo2017culture.kz сайты хабарлады.

Еске салайық, 17 жасқа дейінгі музыканттар арасындағы аталған беделді байқау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі үшін дайындаған мәдени-ойын-сауық және спорттық іс-шаралардың кешені шеңберінде өтті.

Байқау нәтижесі: «Виолончель» номинациясы бойынша:

І орын: Йо Китамура (Жапония);

ІІ орын: Намиса Сунь (Қытай);

ІІІ орын Июн Кан (Корея);

IV орын: Шон Кангюн Юй (АҚШ);

V орын: Сара Чаньо (Словения);

VI орын: Мауро Паоло Монополи (Италия).

Арнайы жүлде: үздік педагог – Айжан Құлжанова (Қазақстан).

Дария Кенжебаева (Қазақстан)Миша Майскийдің шеберлік-сабағына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

«Скрипка» номинациясы бойынша:

I орын: Нейкиунг Канг (Корея), Юджин Каваи (Жапония);

II орын: Энн Мария Уэрмайер (Германия), Ақбике Алғи (Қазақстан);

III орын: Алексей Стычкин (Ресей), Рахиль Мусахаджаева (Қазақстан), Жень Цзян (Қытай).

«Фортепиано» номинациясы бойынша:

І орын: Кайл Ху (АҚШ);

ІІ орын: Хэ Чао Ян (Қытай), Илья Папоян (Ресей);

ІІІ орын: Андреева Мария (Ресей), Махамендрикова Анастасия (Ресей);

IV орын: Сон Енг Ким (Корея), Хироки Накаяма (Жапония).

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!