Екі әйел түрмедегі еркектерге жалған неке куәлігімен кірмек болды
© Сурет: mk.ru
ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері неке қию туралы жалған куәліктермен түрмеге ұзақ мерзімді кездесуге кірмекші болған екі әйелді ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстанның басқа қаласынан келген екі әйел "күйеулерімен" ұзақ кездесуге кірмекші болып, түрме қызметкерлеріне жалған құжаттар ұсынып, түрме қызметкерлерін алдамақшы болған.
Құжаттарды тексеру кезінде түрме қызметкерлері ұсынылған құжаттардың ішіндегі азаматшалардың жазасын өтеп жатқан сотталғандарыдың заңды некеде екендігін анықтайтын неке куәлігінің түпнұсқалығындағы кейбір күмән туғызатын жайттарға күмәнданған.
Көзге түскен бірінші нәрсе - бұл екі куәліктің де мереке күндері берілгендігі, және екі құжатта әртүрлі Әділет басқармалары көрсетілгендігімен, құжаттағы қолтаңбалар бірдей болған. Сонымен қатар, куәлік бланкілерінің ескіргендігі күмән тудырды. Мекеме қызметкерлері жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жеке ісін тексеру барысында азаматшалардың осы сотталғандардың жұбайы екенін растайтын құжаттар мүлде болмаған, – деді облыстық ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Жанболат Қалетаев.
Әйелдер неке туралы куәлікті қайда алғанын түсіндіре алмады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.
Егер құжаттарды қолдан жасау фактісі расталса, онда азаматшалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, – деп толықтырды Жанболат Қалетаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады