«Әкесін танымады». Маңғыстауда әскерге аттанған жас бір аптадан соң үйіне оралды

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Томография зерттеуі мерзімді әскер сарбазының басынан ешқандай ауытқуларды анықтаған жоқ. Денесінде де ұрып-соғу белгілері анықталмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнеу ауылынан Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған Талғат Айтмұхановтың туыстарының айтуынша, мамыр айының басында жас жігітке әскерге шақырту келіпті. Мерекеден кейін ол әскери комиссариатқа барып, өзіне уақыт беруді сұрайды, өйткені медициналық комиссиядан өтіп үлгермеген, деп хабарлайды Lada.kz.
Әскерилер оны бірден ауруханаға алып кетіп, тексеруден кейін сол күні №25744 әскери бөліміне әскери міндетін өтеуге жібереді.
Шақырудан кейін бір апта өткен соң Талғатты үйіне кері қайтарған.
Ол ешкімді танымайды. Қайда, не істеп жатқанын білмейді. Әкесін де танымады. Алдында тұрған адам сарбаз ба, туған адамы ма, оған бәрібір. Бірақ өзінің аты-жөні мен жасын біледі, бірақ үй-іші мен отбасын танымайды. Сарбаздың туысы Қайрат Насибаев
Магниттік-резонанстық тексеру қорытындысы ешқандай ауытқуларды анықтаған жоқ. Оның денесінен ұрып-соғу белгілері де табылмады.
№25744 әскери бөлімі командирінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ренат Шәріпов 11 мамырда Талғат шақыру пунктіне келгенін, туыстарына оның қандай орынға жіберілгені хабардар еткенін жеткізді.
- Медициналық тексеруден сәтті өтті, денсаулық жағдайына шағым білдірмеді, - дейді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:52, 30 маусым 2022
Шомылу маусымы басталғалы бері Сайран көлінен 8 адам құтқарылды
-
23:24, 30 маусым 2022
«Үй алып беремін». Алаяқ келіншек көптің 20 млн теңгесін алдап алған
-
22:34, 30 маусым 2022
Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың мәлімет жарияланды
-
22:13, 30 маусым 2022
Адам саудасы бойынша айыпталған америкалық рэпер 30 жылға түрмеге тоғытылды
-
21:50, 30 маусым 2022
ОПЕК+ елдері мұнай өндірісінің қазіргі көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады