ЕХРО-2017: Венгрия қонақтарды қалай таң қалдырмақ?

10:25, 19 тамыз 2017

ЕХРО көрмесінде Венгрия елінің ұлттық күні тойланып жатыр.

Осыған орай ұлттық күн сахнасында салтанатты шара ұйымдастырылды. Дәстүрлі киім киген мажарлық өнерпаздар қыпшақтардың тұрмыс-салтын көрсетіп, дәстүрлі музыкасын орындады. Мажар халқы ежелден өздерін қыпшақтан тараған ұрпақ екендерін айтып келеді. Сондықтан болар Мажар мен Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы өте ұқсас. Сондай-ақ 3 күн бойы Венгрия павильонында қыпшақ күндерін тойлайды. 

412 шаршы метр аумақты алып жатқан павильонда табиғи ресурстарға басымдық берілген. Яғни күн, жел және судан қуат алатын тың жаңалықтарын бейнероликтер арқылы көрсетіп береді. Олар қарапайым ағаш жапырақтарын синтездеу арқылы қуат алуға болатындығын дәлелдеді. Сонымен қатар павильонның қақ ортасында «Өмір ағашы» деп аталатын үлкен бәйтерек орнатылған. 

Айта кету керек, бүгінде Будапешт көшелерінде бензинмен емес, тоқпен жүретін автобустар жүйткиді. 

Джордж Косса, экологиялық көлік шығаратын компания басшысы: 

- Біз электр энергиясы арқылы жүретін автобустарды шығара бастадық. Бұл – қоршаған ортаны ластамайтын экологиялық таза көлік. «Жасыл» технологияның дамуына осылайша өз үлесімізді қоспақпыз. Ал ЕХРО-2017 көрмесі арқылы жаңа жобалармен танысуға мүмкіндік туды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!