Егемендік пен Тәуелсіздік, аумақтық біртұтастық – өзгермейтін құндылықтар
© Сурет: Zakon.kz
Конституциялық комиссия 31 қаңтарда жаңа Конституция жобасын жариялады. Оның басты ерекшеліктерінің бірі – Қазақстанның Егемендігі мен Тәуелсіздігі, унитарлығы және аумақтық тұтастығының мызғымастығы өзгермейтін құндылықтарға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл негізгі қағида Ата заң жобасының "Конституциялық құрылыс негіздері" атаулы бірінші бөлімінде көрініс тапты. Мұнда мемлекеттік басқару түрін нақтылау қажеттілігі туралы ой білдірген бірқатар ғалымдар мен мамандардың ұсынысы ескерілген. Осылайша, Қазақстан Республикасы президенттік республика екені айқындалған.
Конституция жобасының новеллаларының бірі – Егемендіктің жалғыз иесі ретінде Қазақстан халқын бекіту нормасы. Бұдан басқа, "республикалық референдум" түсінігі "жалпыұлттық референдум"» деп өзгертілген. Халық өз билігін тікелей жалпыұлттық референдум мен еркін сайлаулар, сондай-ақ мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асыратыны туралы норма айқындалған.
Жарияланған Конституция жобасы – қоғам тарапынан кең әрі қызу талқылаулардың, азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, құқықтанушылар мен сарапшылардың кең ауқымды пікірталастарының нәтижесі. Талқылауға бейжай қарамайтын азаматтар да қатысып, жалпы саны екі мыңнан асқан өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын e-Otinish пен eGov порталдары арқылы жіберген.
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді. Ол Қазақстанның қалыптасқан мемлекеттілігінің негіздерін қайта бекітумен бірге, "Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасының логикасына да толықтай сай келеді. Конституция жобасында белгіленген ережелер мемлекет пен қоғамның жаңа эволюциялық кезеңін бастауға негіз қалайды.
Бұған дейін жаңа Ата Заңда "Ұлы Дала" ұғымы пайда болуы мүмкін екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:58, 31 қаңтар 2026
Қатерлі Нипах вирусы: Жапония вакцина әзірлеуге кірісті
-
11:30, 31 қаңтар 2026
Әрбір балаға бастапқы капитал: Мемлекет басшысының бастамасы іске асырылуда
-
11:25, 31 қаңтар 2026
«Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр балаға қанша ақша аударылды
-
11:25, 31 қаңтар 2026
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында әр балаға 130,71 доллардан есептелді
-
10:45, 31 қаңтар 2026
Australian Open-2026: Нұрлан Заңғарұлы екінші мәрте финалға шыға алмай қалды





