Эфирде боғауыз сөз бен әдепсіз ән айтқан екі блогер жазаланды
© Фото: pexels
Қазақстанда әлеуметтік желілерде әдепсіз сөздер қолданғаны үшін екі блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, Қызылорда облысының 36 жастағы тұрғыны тікелей эфир кезінде жазылушыларымен эмоцияға беріліп сөйлесіп, боғауыз сөздер қолданған. Ер адамның бұл сөздерді ішімдік ішкен күйде айтқаны анықталды. Сот оның әрекетін қарап, 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды. Енді блогер көшелерді сыпырады.
Сонымен қатар, бұған дейін полиция Астананы тамашалауға келген 25 жастағы шетелдік әйелдің әрекетіне де баға берген. Ол Есіл жағалауындағы "Мәңгілік ел" қақпасының маңында ән айтып, оны видеоға түсірген. Әннің белгілі сөздерін әдепсіз сөздермен ауыстырған. Сот бұл контентті қоғамдық мораль қағидаларына қайшы деп танып, орындаушыға 86 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
Қоғамдық орындарда, сондай-ақ тікелей эфирде немесе интернеттегі түрлі жарияланымдар мен сөз сөйлеулер кезінде боғауыз сөз қолдану ұсақ бұзақылық ретінде сараланады, - деп мәлімдеді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдын Ахмағамбетов.
Мұндай әрекет үшін кінәлі тұлғаларға 20 АЕК көлемінде айыппұл, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қолданылуы мүмкін.
Бұған дейін Instagram-дағы видеосына байланысты қазақстандық блогердің полицияға жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:09, 20 тамыз 2026
Қазақстанда техникалық байқаудан өткізу қағидалары өзгерді
-
11:59, 20 тамыз 2026
Жалпы нәтижеге әркімнің еңбегі қосылады: отандық көліктер конвейерден шығып, сайлау күнін бейнеледі
-
11:47, 20 тамыз 2026
20 тамызда Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай
-
11:38, 20 тамыз 2026
Колумбияда алапат жер сілкінісі болып, 300-ден астам адам қаза тапты
-
11:27, 20 тамыз 2026
Ғарыштан Ақ үйге: Белка мен Стрелканың таңғажайып тағдыры





