Әділеттілік, Заң мен Тәртіпті алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек
© Сурет: Zakon.kz
Конституциялық комиссия жаңа қоғамдық келісімнің сипатын анықтайтын Ата Заң жобасын жариялады. Айта кететін жайт, жарияланған Конституция жобасында Преамбула толығымен өзгертілген. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан қоғамы маңызды өзгерістерге ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа Преамбула дәл қазіргі заманның рухын, біздің қоғамымыздың мақсаттарын және біздің кім екенімізді көрсетеді.
Жалпы алғанда, Преамбуланың өзгеруі Қазақстанның дамуындағы келесі эволюциялық кезеңді белгілейді және қазақ қоғамының ұстанатын құндылықтарын айқындайды.
Осы орайда, заң мен тәртіп сақталатын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалатын, қоршаған ортаға қамқорлық жасау жолына түскен Әділетті Қазақстан идеясын бекіту – қоғамның бұл мәселелерді жете түсінгенін мен есейгенін, сондай-ақ заманауи Қазақстанның қағидаттары мен идеалдарының бойына толық сіңіргенін көрсетеді.
Одан бөлек, осы құндылықтар Конституцияның барлық баптарында көрініс табады.
Бұл әмбебап идеялар бүгін де өзекті, әрі болашақта да өзектілігін жоғалтпайды, сондықтан оларды Конституцияда бекіту – Қазақстанның келешек ұрпақтары үшін белгілі бір бағдар болатыны анық.
Сонымен қатар, бұл мәселе соңғы алты ай бойы белсенді талқыланды. Ел азаматтарынан 2 мыңнан астам ұсыныс түсті.
Бастапқыда өзгерістер Конституцияның 40 баптарына қатысты болады деп жоспарланған. Алайда, жұмыс барысында өзгерістер санының әлдеқайда көп болатындығы анықталды. Комиссия мүшелері барлық маңызды өзгерістерді мұқият қарап шығып, түзетулер барлық бөлімдер мен 77 бапты қамтып, бұл қазіргі Конституция мәтінінің 84%-ын құрады. Осылайша, Комиссия мүшелері Қазақстанның жаңа Конституциясын дайындауды мәселесін көтеріп, ол қолдау тапты.
Бұған дейін жаңа Ата Заң жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:34, 31 қаңтар 2026
Қарағанды гарнизонының сарбаздары тарихтағы ұлы шайқастарды қайта жандандыруда
-
12:23, 31 қаңтар 2026
Алматыда ұрланған смартфондарды өткізу арнасы анықталды
-
11:58, 31 қаңтар 2026
Қатерлі Нипах вирусы: Жапония вакцина әзірлеуге кірісті
-
11:30, 31 қаңтар 2026
Әрбір балаға бастапқы капитал: Мемлекет басшысының бастамасы іске асырылуда
-
11:25, 31 қаңтар 2026
«Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр балаға қанша ақша аударылды





