Едіге Қасымбек күрестен әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласады

15:48, 24 тамыз 2024

© Сурет: olympic.kz

Күрес түрлерінен Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Қасымбек финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Еркін күрестен 110 келі салмақта бақ сынап жатқан Едіге финалда америкалық Михаел Моккомен белдеседі.

Турнир барысында қазақстандық балуан Үндістан, Жапония және Иран балуандарынан басым түсті.

Айта кетелік, жақында Едіге Қасымбек өз салмағында Азия чемпионы атанған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!