ЕАЭО-дағы транзиттік ағындарды қалай арттыруға болады – президент түсіндірді
© Фото: unsplash
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік жүйесі Азия, Еуропа және Таяу Шығыс нарықтарын байланыстыратын жоғары технологиялық халықаралық маршруттар желісі екенін айтты. Бұл – жалпы ұзындығы 50 мың шақырымнан асатын кең ауқымды көлік дәліздері жүйесі, оның 10 мың шақырымнан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.
"Жаһандық сауда-экономикалық байланыстар жүйесіндегі өз рөлімізді сақтау үшін бізге трансшекаралық инфрақұрылымды одан әрі дамыту және цифрландыру қажет. Икемді логистикалық шешімдер, жеткізілім тұрақтылығы және жүктердің өту жылдамдығы Еуразиялық экономикалық одақтағы транзиттік ағындарды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, одақ аясындағы ақпараттық жүйелердің өзара интеграциясы – заман талабы.
"Еуразиялық экономикалық комиссияның ұлттық сервистердің цифрлық витринасын құру жөніндегі жұмысы өте өзекті. Бұл үдерістерді жеделдетіп, ЕАЭО-ның толыққанды цифрлық көлік экожүйесін қалыптастыру қажет. Осы бағыттағы күш-жігерді біріктіру Еуразияның жоғары технологиялық көлік хабын құруға мүмкіндік береді", – деді Президент.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы ЕАЭО-ның макроэкономикалық дамуында оң динамика сақталып отырғанын атап өткен болатын. Болжам бойынша, 2026–2027 жылдары Одақ елдерінің жиынтық ЖІӨ өсімі шамамен 2,5%-ды құрайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:40, 29 мамыр 2026
Алматының ботаникалық бағында сирек өсімдіктің қоры жасалады
-
21:01, 29 мамыр 2026
30 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:30, 29 мамыр 2026
Алматыда аптап ыстықтан кейін найзағай ойнап, жаңбыр жауады
-
20:04, 29 мамыр 2026
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды
-
19:45, 29 мамыр 2026
Астанада конкурдан Challenge Cup финалы басталды





