Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Азат Күмісбай қола медаль иеленді

19:28, 4 қазан 2024

© Сурет: olympic.kz

Дзюдошы Азат Күмісбай Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

81 келіге дейінгі салмақта Азат тәжікстандық Сунатулло Мусоевпен қола медальды өзара сарапқа салды.

Қазылар шешімімен бұл белдесуде Қазақстан спортшысы жеңіске жетті.

Айта кетелік, бұған дейін Әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар да үшінші орын алған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!