Джо Байден Путин мен Зеленскийді шатастырып алды

09:51, 12 шілде 2024

© Сурет: Instagram/potus

Америка Президенті Джо Байден тағы да шалыс басты: НАТО саммитінде ол Зеленскийдің орнына "Украина президенті Путинге" сөз берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ханымдар мен мырзалар келесі сөз кезегін батылдығы мен табандылығы қатар жүрген Украина президенті Путинге беремін",- деді Байден жиналғандарға Зеленскийді таныстыра отырып.

Кейін ол бұл шатасуын, Ресей президентіне басты назарды қойғандығымен түсіндірді.


Бұған дейін Байденнің одақтастары алдағы сайлауда оның жеңіске жететініне күмәнмен қарайтыны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!