Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады
© Сурет: pexels
Синоптикте 19 мамырда Қазақстанда белең алуы ықтимал синоптикалық ахуал мен ауа райының қауіпті құбылыстары бойынша өз болжамдарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, жел екпін алады деп күтіледі.
"Еліміздің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр мен дауыл болады деп болжанады. Тек Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады", делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
Қызылорда өңірінде, Түркістан облысының солтүстігінде, жазық дала аймақтарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе өңірінің оңтүстік-шығысында, ШҚО, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Жетісу өңірінің солтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі
Бұған дейін синоптиктер жексенбіде Алматыда, Шымкентте және еліміздің 18 өңірінде дауылды ескерту жариялаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 12 сәуір 2026
Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:37, 12 сәуір 2026
Қайғылы оқиғаға ұласқан көлік ұрлығы: Өскеменде жол апатынан екі адам қаза тапты
-
16:59, 12 сәуір 2026
13 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:31, 12 сәуір 2026
Алматы облысында 3 келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған
-
15:54, 12 сәуір 2026
Атырау – Құлсары арасында Shacman жүк көлігі жолдан шығып кетті





