Дубайда әлемдегі ең ірі әуежай салынып жатыр

12:13, 7 қыркүйек 2026
MKZ: 1565545

© Сурет: Shiekh Mohammed bin Rashid Al Maktoum

БАӘ-нің Дубай қаласында ауқымды Әл-Мактум әуежайының құрылысы жүріп жатыр. Ол жолаушылар ағыны, жүк айналымы және ұшу-қону жолақтарының өткізу қабілеті бойынша әлемдегі ең ірі әуежайға айналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Naked Science басылымының мәліметінше, мұнда әлемдегі әуежайлар арасындағы ең ірі терминал кешені және ең үлкен құрылыс алаңы болады деп күтілуде.

Бұл – әлемдегі ең ауқымды көлік инфрақұрылымы жобаларының бірі. Әуежай жылына 260 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсете алады.

Мұнда бес параллель ұшу-қону жолағы және 400 отырғызу қақпасы болады. Әуежай жыл сайын 12 миллион тоннаға дейін жүк өңдей алады.

Сәулетшілердің негізгі идеяларының бірі – терминалды бір-бірінен оқшауланған залдардың жиынтығы емес, біртұтас қоғамдық кеңістік ретінде жобалау. Толқынды шатыр алып кеңістікті бағандармен көп бөлмей жауып тұрады. Әуежайға келген немесе одан шығып бара жатқан жолаушы жүздеген метр алға қарай, яғни терминал кешенінің үлкен бөлігін көре алады.

Сәулетшілер әуежайды лабиринтке айналдырғысы келмейді. Көп жағдайда жолаушы өз ұшағына отыратын қақпаны шексіз бағыттаушы белгілерден іздемей-ақ, көзбен көре алады. Мұндай ауқымды халықаралық көлік торабы үшін бұл өте маңызды.

Үлкен залдар болашақта әуежайды жаңартып, ішкі құрылымын өзгертуге де мүмкіндік береді. Теориялық тұрғыда бұл нысан уақыт өте келе ескіріп қалмайтындай етіп жасалады.

Әуежайдың шатыры шөлдегі құм төбелеріне ұқсатып жасалған. Шатырдың толқын тәрізді пішіні бүкіл әуежай арқылы өтіп, айналадағы шөлді ғимараттың ішіне жалғастырып тұрғандай әсер береді. Мұнда жасыл желек те өте көп болады.

Бұған дейін Алматыдағы Неке сарайының жөндеу жұмыстары"тоқтатылғаны" туралы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!