Досаев теңгенің неге құнсызданып жатқанын түсіндірді

11:35, 12 сәуір 2021

© Сурет: zakon.kz

ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңге бағамындағы өзгеріске кеңінен тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Наурыз айында теңгенің айырбас бағамы белгілі бір себептерге байланысты 1,9% -ға әлсіреп, бір доллар құны 424,97 теңгені құрады. Біріншіден, наурыз айында мұнай бағасы 3,9% төмендеп, бір баррелі 63,54 доллар болды. Вакцинация қарқынының төмендеуіне байланысты жаңа, агрессивті COVID-19 штамдарының пайда болуы және үкіметтің карантиндік шектеу шараларын қайта жандандырумен байланысты тәуекелдер басқа валюталарымен қоса теңгенің біртіндеп әлсіреуіне алып келді, - деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, наурыз айының аяғында АҚШ-тағы мұнай қоры өсті. 1 сәуірде ОПЕК + мұнай өндірісінің квоталарын тәулігіне 1,15 миллион баррельге, мамыр айында 350 мыңға, маусымда да осындай мөлшерде, шілде айында 450 мың баррельге ұлғайту туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, АҚШ қазынашылығы кірістілігінің өсіміне байланысты доллар дамушы нарық валюталарына қатысты нығаюда.

Нәтижесінде түрік лирасы 11,1% -ға, Индонезия рупиясы 2,0% -ға, Ресей рублі 1,6% -ға әлсіреді. Сонымен қатар, ресей рублінің теріс динамикасына, жалпы тенденциялардан басқа, санкциялық тәуекелдердің артуы ықпал етті. Бұл жағдайда теңгені Ұлттық бюджеттің трансферттерін бөлу бөлігі ретінде ұлттық қор активтерін қайта құру және квазимемлекеттік сектор компаниялары экспорттық валюта түсімдерінің бір бөлігін сату арқылы қолдау жасалды, деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!