Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

12:41, 26 наурыз 2020

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

АҚШ Мемлекет басшысы қазақстандықтарға мерекелік жақсы көңіл-күй тіледі.

Құрама Штаттарында, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз - бұл адамдарды біріктіретін бірліктің, мейірімділік пен жаңарудың мерекесі, - деді ол өз сөзінде.

Трамп алдағы жоспарлар туралы да айтты.

Сіздердің америкалық бизнеске қолайлы реформалар жасап жатқандарыңызға қуаныштымын. Мен болашақта екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер құруға ниеттімін, - деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!