Дмитрий Попко World Tennis Tour турнирлер сериясында айдың үздік ойыншысы атанды
© Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко ерлер арасындағы World Tennis Tour турнирлер сериясында айдың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 жастағы қазақстандық спортшы маусымның бұл кезеңін өте сәтті өткізіп, 20 матчтың 19-ында жеңіске жетті. Осы аралықта Попко M15 санатындағы үш турнирде чемпион атанып, тағы бір жарыста финалға дейін жетті.
Қазақстандық теннисші Цахкадзорда (Армения) өткен M15 санатындағы екі турнирде қатарынан жеңімпаз атанды. Алғашқы жарыстың финалында Попко аргентиналық Игнасио Монсонды 6:3, 6:4 есебімен жеңсе, бір аптадан кейін шешуші матчта Дмитрий Бессоновтан 6:3, 6:2 есебімен басым түсіп, тағы бір жүлдені иеленді. Екі турнир де ашық грунт корттарында өтті.
Одан кейін Қазақстан өкілі сәтті сериясын жалғастырып, Телавиде (Грузия) өткен M15 турнирінде жеңіске жетті. Сондай-ақ Попко Куршумлия-Банядағы (Сербия) M15 турнирінің финалына дейін жетті.
Бұл сәтті кезең Попко үшін биылғы маусымдағы ең жарқын нәтижелердің бірі болды. ITF мәліметінше, 2026 жылы қазақстандық теннисші кәсіби деңгейде өткізген 43 матчтың 30-ында жеңіске жетті. Әсіресе грунт төсенішінде нәтижелі өнер көрсетіп, 30 кездесудің 23-інде жеңіске жеткен.
Сәтті өнер көрсеткені үшін World Tennis қазақстандық теннисшіні World Tennis Tour Men's Player of the Month жеке марапатымен атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:45, 3 қазан 2026
Алматының су шаруашылығы басқа компанияға берілмейді – «Алматы Су»
-
18:45, 3 қазан 2026
«Алматы Су» су құбыры мен кәріз жүйесінің басқа компанияға берілетінін жоққа шығарды
-
18:17, 3 қазан 2026
Алматыда алғаш рет аударыспақтан «QASQYR CUP» турнирі өтті
-
18:05, 3 қазан 2026
Дауыл, жаңбыр, қар және тұман: 4 қазанда қай өңірлерде ескерту жасалды
-
17:44, 3 қазан 2026
Қазақстандық гимнастар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды





