Dior-дың «бойтұмары» болған қазақ қызының қабіріне тақта орнатылды

01:51, 10 желтоқсан 2022

© Сурет: dimashnews.com

Париждегі қазақтар модель Алла Елшіннің қабіріне ескерткіш тақта орнатты. Этникалық қазақ Алла әлемге әйгілі сәнгер Кристиан Диордың музасы болған, көзі тірісінде "жеке талисманы" атанған, деп хабарлайды Zakon.kz.

50-жылдардың топ-моделі 1989 жылы Парижде қайтыс болып, сонда жерленді. Оның қабірі Иври-Сюр-Сен зиратында. Франциядағы қазақтар ескерткіш тақтаны модельдің туған күні қарсаңында орнатып отыр. Айта кетерлігі, Алла Елшінге арналған кітаптар оқимын деген адамға Франция, Қытайда және өз елімізден де табылады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол аты аңызға айналған әйгілі модель. Алайда, жерлеу орны атаусыз болып шықты. Зиратта марқұмның тек есімі жазылыпты. Сол себепті, біз оның Елшін деген тегі мен туған-қайтыс болған жылдарын жаздық. Ескерткіш тақтаға Алланың суретін де салдырттық. Модельдің зиратына гүл қойғысы келетін жандар үшін зираттың орналасқан тұсын көрсететін схема әзірледі.Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының президенті Берлин Иришев

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!