Динара Сәтжан марқұм әншінің қазасына қатысты пікір білдірді

15:58, 17 қыркүйек 2019

Астаналық тележүргізуші әрі дизайнер Динара Сәтжан Жанар Хамитованың қазасына қатысты желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Динара марқұм әншіні жеке танымағанымен, оның отбасылық мәселелерінен сырттай қанық екенін айтады.

- Отбасындағы мәселесі аздай, оған елдің қаңқу сөзі қосылды. Тіміскіленіп, қаламаса да жеке өміріне бас сұғып, қаңқу сөздерді желдей есіп, болмайтын нәрселерді сөз қылып есін шығарды оның. Ал ол адам қолдауға, жылы сөзге зәру болған. Тіпті әлеуметтік желілерді алайық. Шын ғой, біз кейде тым қатал, қатыгез боламыз. Біреудің өміріне кірігу ол арада оңай. Талқылайсың, өз пікіріңді, кейде жаман сөз жазасың, одан соң оны ұмытып та кетесің. Ал ол біреудің өмірі, сол сөзбен өмір сүруі керек. Сол сөзді көтеруі тиіс. Ал көтере алмаса ше?.. Бір-бірімізге мейірімді болайықшы біз. Онсыз да көп емеспіз. Қамшының сабындай мына ғұмырда бір-бірімізді бағалап, әрдайым қамқор болайық, - деп жазды Динара Сәтжан.

Бір сұқбатында марқұм Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевты көп ақшамды алып, оны қайтармай қойды деп айыптаған.

Сөйткен Нұржан Керменбаев та марқұм Жанар Хамитованың туған-туыстарына көңіл айтты. Әрі көпшілікке ол Жанар екеуінің арасында шешілмей қалған ешқандай томпақ мәселе болмағанын жеткізді.

- Мені, менің ата-анама тіл тигізуді қойыңдар. Өз сөзі үшін Жанар арадағы ортақ таныстарым арқылы менен кешірім сұраған. Сұқбатында мен туралы айтқанына қатысты. Сондықтан менің оған ешқандай өкпем де, ренішім де жоқ, - деп жазған ол алдында.

Әнші 16 қыркүйекте таңғы 09-00 уақытында Қарқаралыда өзінің ата-анасының үйінде өлі табылған. Қарағанды облысының полиция қызметкерлері бұл фактіні тіркеп, ол бойынша қылмыстық іс қозғаған. Істің мән-жайы қазір анықталып жатыр.

Оқи отырыңыздар: "Іс қозғадық...". Полиция Жанар Хамитованың қайтыс болғанын растады


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!