Димаш Джеки Чанның фестивалінде өнер көрсетті

11:13, 22 шілде 2019

Кино әлемінің атақты жұлдызы Джеки Чанның Бесінші халықаралық экшн фильмдер апталығының шымылдығын Димаш Құдайберген түрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айтулы оқиға Қытайдың Датұң қаласында болды. Димаш Құдайберген фестивальдің ашылу салтанатында айтқан әнінің видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялап, қасына: "Джеки Чан ағамыздың кешінен" деп жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Джеки Чан ағамыздың кешiнен. #DQ

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) 21 Июл 2019 в 4:54 PDT

Айта кетсек, Қытайда өткен I am Singer жобасына қатысып, ерекше көзге түскен Димаш Құдайбергенді әйгілі актер Джеки Чан да байқап, оны кездесуге шақырған еді. Джеки Чан Димашқа кино әлеміне жол тартуды таңдайтын болса, онда оның бұл ретте жолы болатынын болжап, өз батасын берген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!