Димаш Азияның ең танымал әншісі атанды

22:05, 27 наурыз 2017

Димаш Құдайбергенов Chinese Top Ten Music Awards сыйлығының «Азиядағы ең танымал әнші» аталымын жеңіп алды. 

 

Бұл туралы әншінің PR-директоры өзінің Instagram парақшасында хабарлады. 

«Енді мен «Азияның ең танымал әншісінің» ресми досымын! Қандай бақыт! Құтты болсын! Қуанышымызда шек жоқ! Тойла, қазақ!», – деп жазады әншінің PR-директоры Алпамыс Шәрімов. 

Айта кетейік, Димаш Chinese Top Ten Music Awards марапатының «Азиядағы ең танымал әнші» номинациясына ұсынылған еді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!