Дәрігерлер жол апаты кезінде аман қалған мұғалімдердің жағдайы туралы айтып берді
© Сурет: Zakon.kz
Қобда ауданында жол апатынан аман қалған екі мұғалімге шұғыл түрде ота жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апатынан кейін олар бірден ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды КТК.
"Ларгус автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі ара қашықтықты сақтмай, жылдамдықты асырып, ДАФ жүк көлігінің артына соғылған. Үш адам оқиға орнында қаза тапты. Төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілді". Ақтөбе облысы ПД бөлім бастығы Еркін Өтегенов
Бір жолаушы ауруханаға түскен бойда көз жұмған. Жеңіл көлікте Орал қаласының мектебінде жұмыс істейтін мұғалімдер болыпты. Олар Ақтөбедегі жоғары оқу орындарының бірінде сырттай оқыған. Енді диплом алуы керек екен. Сол үшін такси жалдап, бәрі бірге шыққан. Аман қалған 27 жастағы жүргізуші мен екі мұғалім қазір облыстық ауруханада жатыр. Сүйектері сынып, жансақтау бөліміне түскен.
"Тексеруден кейін екі науқасқа ота жасалды. Біреуінің қабырғалары сынған, оң жақ иығы да сынған. екіншісінің де оң жақ иығын түзеп, тізе маңындағы еттерін тігу керек болды. Қазір үш науқас та жансақтау бөлімінде. Тұрақты, ауыр деп бағаланады жағдайлары". Травматолог дәрігер Жасұлан Орынбаев
Үшінші науқас - мұғалімдерді тасыған LADA Largus жүргізушісі. Оның оң жақ аяғы сынған.
Айта кетсек, 1 маусымда Самара - Шымкент тас жолының 594 шақырымында жол апаты орын алып, оқиға орнында үш адам қаза тапты. Тағы төрт адам ауруханаға түсіп, көп ұзамай олардың бірі көз жұмғаны белгілі болды. Марқұмдардың барлығы Ақтөбеге диплом алуға бара жатқан мұғалімдер екені анықталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр
-
16:14, 19 желтоқсан 2025
Биыл қыста Алматының қай жерінде коньки тебуге болады





