Дәрігер қарт адамдар көбірек тұтынуы тиіс ас түрлерін атады
© Сурет: pixabay
Гастроэнтеролог Екатерина Кашух егде жастағы адамдардың ас мәзірінде болуы тиіс пайдалы тағамдарды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол ағзаны С дәруменінің тәуліктік дозасымен қамтамасыз ету үшін бір стақан итмұрын шырынын тұтыну жеткілікті болуы мүмкін екенін айтады, деп жазады RT.
"С дәрумені күшті антиоксиданттық әсерге ие, яғни ол жасушаларды оттегінің агрессивті түрінің әсерінен қорғайды. Егер жасушалар сау болса, қартаю процесі баяу жүреді. Сонымен қатар, итмұрынның құрамында флавоноидтар бар. Бұл өсімдік заттары қабынуды төмендетуге ықпал ете алады", - деді Кашух.
Сондай-ақ, Екатерина Кошух асқабақты жеуге кеңес береді, оның құрамында зиянды холестерин деңгейін бір деңгейде ұстайтын көптеген дәрумен мен минералдар бар.
"Асқабақ - көру қабілетін, қалқанша безінің саулығын қамтитын А дәрумені. Сонымен қатар асқабақ ісінуді болдырмай, жүрек жұмысына көмектесетін калий мен магнийге бай".
Дәрігер 60 жастан бастап қанда темір жеткіліксіздігі байқалып, соның салдарынан бұлшықет әлсіздігі, есте сақтау қабілетінің төмендеуі және тез шаршап-шалдығу жиі кездесетінін айтады. Ағза темірді жеткілікті мөлшерде алу үшін жануарлардан алынатын өнімдерді тұтыну керек және ас мәзіріне сүйектерді нығайтатын сүт өнімдерін қосу керек.
1 қазанда Қазақстанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың басында Қазақстанда 60 жастан асқан халық саны 2 616 515 адамды құрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:51, 12 қыркүйек 2024
Астанада жол үстінде төбелескен екеудің бірі әскери қызметкер болып шықты
-
19:33, 12 қыркүйек 2024
Димаш Құдайбергеннің концерті мен хоккей матчы кезінде арнайы автобустар жолға шығады
-
19:19, 12 қыркүйек 2024
Мойын омыртқасы бірнеше жерінен сынған ер адам Щучьеден Көкшетауға тікұшақпен жеткізілді
-
19:11, 12 қыркүйек 2024
Келтірілген шығын - 30 млн теңге. «Пәтер алып беремін» деп елді алдаған елорданың екі тұрғыны сотталды
-
18:48, 12 қыркүйек 2024
Көк бөрүден ақтық сында Қазақстан командасы Қырғызстанға жол беріп, күміс медаль иеленді