Дәрі бағасын тексеріп, дәріханаларды аралайтын мониторингтік топтар құрылды

21:20, 5 шілде 2020

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елді қажетті дәрі-дәрмектермен толықтыру үшін қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Халықты толғандыратын мәселелер аз емес. Оның ішінде негізгі мәселе - дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету. Қазақстанда 8 мыңнан аса дәріхана бар. Отандық өндіріс есебінен олардың барлығын қамтамасыз ету деңгейі 13 % деңгейінде, қалғанын сырттан, импорт арқылы енгізіп отырмыз, - деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қажетті дәрі-дәрмектермен толықтыру үшін мынадай шаралар қабылданады:

Бір тәулік ішінде дәрілік заттарды әкелуге біржолғы рұқсат беруге өтінімдер қаралуда.

Дәрі-дәрмектерді сертификациядан және сертификат берудің жеделдетілген рәсімдері қолданылды.

Әкімдіктермен бірлесіп көтерме сауда қоймаларын, дәрі-дәрмектердің қоры және бағасын көтермелеуге жол бермеу үшін жеке дәріханаларды аралап өтетін арнайы мониторингтік топтары құрылды.

Қызуды төмендететін антибактериалды вирусқа қарсы препараттармен емдеуді тек емдеуші дәрігердің ұсынысымен жүзеге асырударыңызды сұраймыз. Назар аударатынымыз, өз бетімен емделу өздеріңіз де қауіпті екенін білесіздер, - деп қосты ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!