Депутат Бақытбек Смағұл аяздыгүні шешініп тастап, батырлар жырын оқыды
Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл Астананың аязына қарамастан сырт киімін шешіп тастап, "Алпамыс батыр" жырының бір бөлігін жатқа оқыды. Еске салайық, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында еліміздің танымал тұлғалары аталған жырды жатқа айтып, бір-біріне эстафета жолдауда деп жазады sn.kz.
Бұған дейін "Алпамыс батырдың" шумақтарын оқып, челленджді қолдағандар қатарында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских, "Қазақстан" телеарнасының басшысы Ерлан Қарин, Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли, "Алматы" телеарнасының басшысы Әлібек Әлденей, танымал өнер жұлдыздары: Бекжан Тұрыс, Сәкен Майғазиев және өзге де азаматтар болды.
Ал, бүгін Астанада шамамен -10 градус аяз болды. Осындай суыққа қарамастан Мәжілістегі нар тұлғалы депутаттардың бірі, Ауғанстандағы қан майданды бастан кешкен батыр Бақытбек Смағұл елорданың орталығында - Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы ескерткішінің дәл алдында тұрып, батырлар жырының бірнеше шумағын жатқа оқыды.
Айта кетейік, Бақытбек Смағұлға эстафетаны өзінің Мәжілістегі әріптесі Геннадий Шиповских жолдаған болатын. Ал, Смағұл болса бірден екі депутатты жыр жаттауға үндеп отыр. Олардың бірі - ҚР Сыртқы істер министрі Нұрлан Ермекбаев болса, екіншісі - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Еске салайық, Challenge шартына сәйкес, әрбір қатысушы "Алпамыс батыр" жырынан бірнеше шумақты жатқа айтып, эстафетаны келесі қатысушыларға жолдауы тиіс.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады