Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы «Омикрон» коронавирусы бойынша жаңа мәлімет берді

12:36, 13 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2026 жылғы 13 ақпанда Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын (КВИ) алдын алу және таралу туралы жаңа ақпарат жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың басынан бері елде 5 КВИ жағдайы тіркелген.

2026 жылдың басынан бері елде КВИ-дің 5 жағдайы тіркелді, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 17,2 есеге төмендеді. Өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.

ҚР аумағында SARS-CoV-2 нұсқаларының айналымына жүргізілген соңғы мониторинг деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Омикронның XFG.3 қосалқы нұсқасы – 75%, XFG.3.1 – 12,5%, XFG.6 – 12,5% айналымда екені анықталды.

XFG желісінің айналымы Омикронның бұрын айналымда болған басқа ұрпақтарымен салыстырғанда халық денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!