Денис Теннің сауығып кетуі үшін дұға етеміз - Арыстанбек Мұхамедиұлы

17:50, 19 шілде 2018

Мәдениет және спорт министрі Денис Тенмен болған оқиғаны қасірет деп атады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

«Алматыдан қайғылы хабар келді. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жан сақтау бөлімінде - пышақ жарақатының салдарынан ол көп қан жоғалтқан - шамамен 3 литр, қазір Алматы орталық клиникалық аурухананың дәрігерлері оның өмірін сақтап қалу үшін барын салуда. Бұл үлкен қасірет, ақылға қонымсыз. Түсінсем бұйырмасын. Бәріміз Денистің сауығып кетуі үшін, аман қалуы үшін дұға етудеміз», - деп жазды министр Facebook-де.

Мұхамедиұлы сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовпен және ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен жеке сөйлескенін жеткізді.

«Олар бұл жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, қылмыскерлер іздестірілуде», - деді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!