«Денесі түгел қанға боялған»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта қайғылы оқиға болған күн туралы айтып берді
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 20 тамызда Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел қайғылы оқиға болған күні не болғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, 2025 жылғы 8 қарашада таңертең олар бірге үйден шығып, жұмысқа кеткен. Ұлдана Байқоңыр ауданының жедел жәрдем қосалқы станциясына күндізгі ауысымға түскен, ал Әділет Бірінші қалалық ауруханаға кезекшілікке барған.
"Шамамен сағат алты жарымда жұмысқа шықтық, 7:45-те жұмыс орындарымызда болдық. Кейін ол маған хабарламалар жазып отырды, хат алыстық. Сағат 10:00 шамасында ол бір жердің құлағанын, мүмкін, науқасты сіздердің ауруханаға жеткізетін шығар деп жазды. Осыдан кейін сөйлеспедік. Ол хабарлама жазуын тоқтатты", – деді Әділет Зейнел.
Шамамен бір сағаттан кейін ер адамға аурухананың ішкі телефоны арқылы қоңырау шалып, қабылдау бөліміне жұбайына ұқсайтын әйел жеткізілгенін хабарлаған. Әділет алғашында бұл ақпаратқа сенбеген.
"Қалалық аурухананың ішкі телефоны арқылы әйелімнің Бірінші қалалық аурухананың қабылдау бөлімінде жатқанын айтты. Төмен түсіп, оны көруімді сұрады. Мен мұны әзіл деп ойладым. Өйткені ол бұған дейін маған жазған, мен жауап бермей, жұмысымды істей берген едім", – деді ол.
Көп ұзамай оған осы ауруханада бұрын жұмыс істеген анасы қоңырау шалған.
"Ол әйелімнің палатада жатқанын айтты. Мен операциялық блоктың екінші қабатынан бірінші қабатқа түстім. Оны таныдым да, бұл менің әйелім екенін айттым. Өйткені оны ауруханаға белгісіз адам ретінде жеткізген", – деп жалғастырды жәбірленуші.
Әділет Ұлдананы алғаш көрген кезде ол ес-түссіз жатқан.
"Басынан бастап, бүкіл денесі қан болды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өз жұмыстарын жасап жатты", – деді Әділет Зейнел.
Ер адамның айтуынша, жұбайының жанында әртүрлі материалдардың сынықтары жатқан.
"Басының жанында кірпіш қалдықтары, темір және кондиционерге ұқсайтын зат жатты. Қаптамадан құлаған ұсақ заттар болды", – деді ол.
Кейін, операциядан соң туыстары оқиға болған жерге барған. Жәбірленушінің айтуынша, олар сол жерде қасбеттің және кірпіштің көптеген сынықтарын көрген. Алайда кондиционерді байқамаған.
Ауруханаға жеткізілгеннен кейін Ұлдана есін қайта жинай алмады. Ол 8 қарашадан 18 қарашаға дейін ауруханада жатты. Ер адам ара-арасында "саусақтарын қимылдатқанын" ғана байқаған.
"Ұлдананың анасымен, әпкелерімен бірге Бірінші қалалық ауруханадан 10 күн бойы кеткен жоқпыз. Оның оянуын күттік. Менің барлық жақын туыстарым және Ұлдананың туыстары да сонда болды", – деді марқұмның экс-күйеуі.
18 қарашада ер адам ауруханадан аз уақытқа кеткен кезде оған жансақтау бөлімінен қоңырау шалып, жұбайының жағдайы нашарлағанын хабарлаған.
"Маған жансақтау бөлімінен қоңырау шалып, оның жүрегі тоқтай бастағанын айтты. Бұған дейін бізге ағзалары істен шығып жатқанын, бүйрегі мен жүрегі жұмысын тоқтатып жатқанын хабарлаған. Бізді осы жағдайға алдын ала дайындады", – деді жәбірленуші.
Бұған дейін Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартқысы келетінін айтқан болатын. Ол бүгін сотта бұл шешімін жаңа өмір бастағысы келетінімен түсіндірді.
2026 жылғы 18 тамызда Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жедел медициналық жәрдем қызметінің фельдшері Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты істі қарау басталды.
Оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында болған. Сол күні тұрғын үй кешенінің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптаманың бір бөлігі мен кондиционер қондырғысы құлап, бес адам зардап шеккен еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:46, 20 тамыз 2026
Қазақстандықтарға ескерту: телефондағы қандай баптауларды дәл қазір тексеру керек
-
14:38, 20 тамыз 2026
Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс: адвокат судьяны ауыстыруды сұрады
-
14:28, 20 тамыз 2026
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі жәбірленуші мәртебесінен неліктен бас тартқанын түсіндірді
-
14:06, 20 тамыз 2026
ШҚО-да 400-ге жуық стихиялық қоқыс орны жойылды
-
13:57, 20 тамыз 2026
Астана, Алматы және Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды – жаңартылған болжам





