Дәнді дақылдарға деген сұраныс толық қамтамасыз етіледі – Қарашөкеев

10:31, 21 қыркүйек 2021
55

© Сурет: Павел Михеев / zakon.kz

Дәнді дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етеді. Бұл тұралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкіметі отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы дәнді және майлы дақылдардың жинау алаңы 18,9 млн. гектарды құрады. Облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша өнімділік гектарынан 9,5 центнер болғанда дәнді және майлы дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 18 млн тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге шамамен 14,3 млн тонна дәнді дақылдар, 200 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Ағымдағы жылы дәнді дақылдар 15,9 млн га алқаптан жиналатын болады. Облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес өнімділік гектарынан 10,1 центнер болғандадәнді дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 16 млн тоннаны құрайды. Өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескергенде, дәнді дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді, - деді Қарашөкеев.

Оның айтуынша, жаңа маусымда дәстүрлі түрде қазақстандық бидай мен ұн Орта Азия, Иран мен Ауғанстан нарықтарына жіберілетін болады. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға жөнелтілетін бидай (HI-Pro) көлемі артуы мүмкін.

Ағымдағы жылы егін жинау жұмыстары уақтылы басталғанын атап өтті министр. Бұл ретте егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары деді ол. Мәселен, бүгінгі күні республика бойынша барлығы 15,1 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы алаңының 95%-ы жиналды, ал өткен жылы осындай уақытта 14,5 млн гектар немесе 91,5% жиналған болатын. Бүгінгі күні орташа түсімділік гектарына 9,4 центнерді құрады.

Бұдан басқа, майлы дақылдар, көкөністер, картоп, бақша дақылдары мен мақта жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңа түсім астығының сапалық көрсеткіштері жоғары. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына өткізілген жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің91%-ы1-3 сыныптарға жатқызылды, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 83,8%-ды құраған болатын. Тиісінше, 4-5 сыныпты және сыныпсыз бидай үлесі 2020 жылғы 16,2%-дан биыл 9%-ға дейін төмендеді. Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астықтың сапасы туралы деректерге сәйкес, құрамында дән маңызы (клейковина) жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өскені байқалады. Мәселен, 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие дән маңызы 28% және одан жоғары болатын жоғары сапалы HI-Pro бидайы өткен жылғы 59,7%-ға қарағанда 71,3%-ға дейін өсті, - деді министр.

Мадина Мамырханова, Нұр-Сұлтан


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір