Декреттегі әйелдер де 42 500 теңге ала алады

12:34, 6 сәуір 2020

Декреттік демалыстағы қазақстандық әйелдерге де 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Бұл туралы брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жәрдемақы төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан адамдарға арналған.

Декреттік демалыстағы әйелдердің де 42 500 теңгеге өтініш беруге құқығы бар. Бірақ бұл арада мынандай шарт бар: бала бір жастан асқан, бірақ үш жасқа толмаған болуы керек, - деді министр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!